Алматыда жасөспірімдерді тонаған «жалған полицейлер» ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр

Фото: polisia.kz

Алматы қаласында жалғыз жүрген жас азаматтарды тонаумен айналысқан «жалған полицейлер» ұсталды. Үш азаматтан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайында жүрген. Қылмыстық әрекетті кейде күндіз де жасап жүрген.

«Олар жалғыз жүрген жас адамдарды аңдып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Полиция киімі, қызметтік куәлігі болмаса да, жасөспірімдердің ұялы телефоны мен басқа да гаджетін алып кеткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Жеңіл ақшаға құныққан айыпталушылар қаланың басқа да аумақтарында қылмыстық әрекетке баруы мүмкін деген ойдамыз. Сол үшін олардың суретін жариялап отырмыз» , – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Егер осы адамдардың құрбаны болғандар болса, мына телефон нөмірлерге хабарласуға шақырамыз: 298-54-08,  298-54-01 және 8-778-000-86-17.

Тегтер: