Жарты келі героин сақтаған Қостанай облысының тұрғыны ұсталды
Есірткінің жалпы құны – 12,5 млн теңге
39 жастағы жергілікті тұрғын жарты келі героинді үйінде сақтаған. Полиция өкілдері тергеу кезінде полицейлер таразыны, сондай-ақ миллион теңгеден астам ақша тәркіледі. Арнайы операция туралы Жітіқара қаласы және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Шандалинов айтып берді.
«Есірткі таратушыны ұстау операциясы 2020 жылдың қазан айында басталды. Бізге қала аумағында героин бар деген ақпарат келді. Шекара қызметі мен полицияның арнайы бөлімшесінің көмегімен 39 жастағы қала тұрғыны жанармай құю бекетінің жанында ұсталды», - дейді Әлібек Шандалинов.
Күдіктінің үйі мен гаражына тінту жүргізу кезінде полиция салмағы 499 грамм героин тәркіленді. Есірткі еденнің астында жасырылған.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу және сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері Қостанай облысы аумағында 473 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 730 грамм героин және 260 грамм синтетикалық психотроптық заттар мен олардың аналогтары заңсыз айналымнан алынды.