Алматы көшесінде жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
165 шақырым жылдамдықпен жүрген жүргізушілердің бірі бұл әрекетіне мақтанып, әлеуметтік желіге салған
Қала ішінде жылдамдықты асыра айдап өтіп, осы заңсыз әрекеттерді әлеуметтік желіге салған Toyota көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды.
«Өткен аптада Mercedes, Toyota Camry және Cadillac Escalade көліктерінің жүргізушілерінің жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Шұғыл анықтау шаралары жүргізіліп, нәтижесінд, құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Атап айтқанда, 20 жастағы А. есімді ер адам Mercedes-Benz көлігіне арнайы жарық және (немесе) дыбыстық дабыл беру үшін құрылғыны заңсыз орнатқан. Ол жақында ұсталды. СМУ алынып тасталды. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің 230-бабы 2-бөлігі, 592-бабы 3-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 601-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Ал осы жағдайға қатысы бар Cadillac Escalade автокөлігін басқарған Алматы тұрғыны – 19 жастағы Ж. есімді азамат анықталды. Ол да құрылғыны арнайы жарық және (немесе) дыбыстық дабыл беру үшін заңсыз пайдаланған. Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта қозғалған тәртіп бұзушы жол қозғалысына қатысты 2.4.3, 2.4.4, 7.13, 7.17 ережелерін бұзды, ол Әкімшілік кодекстің 230-бабы 2-бөлігі, 590-бабының 1,7,9-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Айтпақшы, сағатына 165 шақырым жылдамдықты асырып, әлеуметтік желі арқылы мақтанған Toyota Camry жүргізушісіне қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды», – деп қорытындылады Мұраталиев.