Қостанайда әйел адамды пышақтап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыскердің жантүршігерлік әрекеті көше бойындағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған

Қостанайда тапа-тал түсте белгісіз біреу әйел адамды пышақтап кетті. Оқиға Гагарин көшесінің бойында болған, деп хабарлайды «Хабар24».  

Қаныпезердің жантүршігерлік әрекеті көше бойындағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған. Видеода қарақшы әйелге жақындап, үшкір затпен бірнеше рет ұрғылап жатқаны анық көрінеді. Кейін қансырап, әбден әлсіреген әйелден сөмкесін тартып алған.

Қазір күдікті ұсталды. Ол 41 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір оның үстінен адам өлтірмек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ал 38 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген.