Анасы мен қызы мас болған
Ақмола облысында әйел өз қызына пышақ жарқатын салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауыруханаға түскен. Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.