ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Полиция ер адамның өлімін 30 жыл бойы біле тұра туыстарына хабарламаған

24 жастағы жігіт 1990 жылы 8 желтоқсан күні жол-көлік апатынан қаза тауыпты

 

© Fotolia / samantha vial

Испания соты 27 жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан ер адамның өлімін бюрократиялық қателіктер себебінен оның туыстарына хабарламаған Ішкі істер министрлігіне арнайы қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, ол қаулыда министрлікке марқұм болған жігіттің анасы мен төрт бауырына түгелдей өтемақы төлеу міндеттелген екен.  

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 24 жастағы ер адам 1990 жылы 8 желтоқсан күні Гранада қаласының маңында жол-көлік апатынан қаза тауыпты. Арада алты күн өткен соң қайғылы оқиға жайынан бейхабар туыстары оған іздеу жариялайды. Алайда бюрократиялық қателіктер салдарынан полиция жігіттің туған-туысына оның қайтыс болғаны туралы хабарламаны тек 2017 жылдың 12 маусымында ғана жіберген екен. 

«Ресми тұлғалар хабарламаның мұншама уақыт кешігуінің себебін із-түзсіз жоғалып кеткендер мен түр-тұлғасы анықталмаған мәйіттер туралы деректерді сақтайтын полиция базаларының өзара үйлесіммен жұмыс істемеуінен деп түсіндірген», - деп жазады агенттік.