13.11.2020, 12:47
Оқиғалар
Түркістан облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды
Оның ішінде емізулі бала да бар
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды, оның ішінде емізулі бала да бар. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
12 қараша күні таңғы сағат 09:00-де Алматы – Ташкент – Термез автожолының 725 шақырымында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған.
Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде кішкентай бала көз жұмды. Түрлі жарақат алған жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды