$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 13:17
Оқиғалар

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 2 шетел азаматы анықталды

Олардың бірі Қырғызстаннан, бірі Өзбекстаннан келген

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 2 шетел азаматы анықталды
Көрнекі фото: azh.kz

10 қарашадан бастап өтіп жатқан республикалық «STOP трафик» шарасы аясында Атырауда сексуалдық сипатта қызмет көрсету мақсатымен адамдарға тиісіп тұрғандар анықталып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсына 9723 теңгеден айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев хабарлады.

Тексеру барысында олардың екеуі Өзбекстан және Қырғызстан азаматшалары, бірі Шымкент қаласынан келген 25 жасар бойжеткен екені анықталды.

Сондай-ақ 10 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау қаласындағы сауналардың бірінде келген тұтынушыларға ақылы қызмет көрсететін жезөкшелікпен айналысатын қыздарды шақыртқаны анықталды. Карантиндік режимді сақтамаған саунаға қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласы  Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.

Жедел шараның екі күнінде жезөкшелікпен айналысқан 18 адамға әкімшілік хаттама рәсімделді. Одан бөлек, сайттарға сексуалдық сипатта қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 10 адам анықталып, олардың жалдап тұратын пәтері туралы салық органдарына хабарланды.

Серіктес жаңалықтары