Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірнеше өңірде жел күшейіп, қар жауып, көктайғақ болады

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ болып, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ болып, секундына15-20 метр жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Осы жағдайға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасады.

«Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар», - делінген хабарламада.