Облыста жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар саны екі есе артқан
Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері білім беру ұйымдары психологтермен бірлесіп, зорлық фактілерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізді, анонимділікті сақтау үшін «сенім жәшіктері» орнатылды.
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 2016 жылдан 2018 жылға дейін жасалған 34 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 23 факті бойынша Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді», - деп жазылған хабарламада.
Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ.
Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, биыл Павлодар облысында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есе артқан.