07.11.2020, 22:20
Оқиғалар
Ақмола облысында 2 апта бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды
Бұған дейін жоғалған 3 балықшының екеуі өлі табылып, тағы біреуі іздестірілген еді
Фото: баспасөз қызметінен
Ақмола облысы Астрахан ауданында жоғалған балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«23 қазанда Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған болатын. Сол күні кешке үшеуі металл моторлы қайықпен көлде жүзген. Ал біреуі жағалауда қалған. 28 қазанда іздеу тобы екі балықшының денесін тапты. Ал үшінші балықшыны іздеу жұмысы 14 күнге созылды», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Астрахан ауданында жоғалған үш балықшының екеуінің денесі табылғанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)