07.11.2020, 21:23
Оқиғалар
Риддерде мектеп өртенді
Өрттің шығу себебі электр жабдықтарының апаттық режимі болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы мектептен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Т.Тоқтаров көшесіндегі екі қабатты орта мектеп ғимаратында өрт шыққан. Бірінші қабаттағы бөлмеде өрт есікті, еденді, терезе блогын, жиһазды, компьютер мен интерактивті тақтаны шарпыған», - деп жазылған хабарламада.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан немесе электр жабдықтарының апаттық режимі болуы мүмкін.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)