Ақмола облысында екі рет мас күйінде ұсталған тұрғын көлік жүргізу құқығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өмір бойы көлік жүргізе алмайды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмолалық полицейлер көлікті есірткілік мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«2 қарашада полицейлер Зеренді ауылының 39 жастағы тұрғыны басқарған «Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында жүргізушінің Зеренді аудандық сотының 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес 36 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар ол «Опиоид» қабылдап, есірткілік масаң күйде болған», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап мас күйіндегі жүргізушіні бірінші рет көлік құралын басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу енгізілді.