07.11.2020, 11:58
Оқиғалар
ШҚО-да банктен несие алып шыққан тұрғынды тонаған күдікті ұсталды
Тұрғынның 65 мың теңгесі ұрланды
Фото: ашық дереккөзден
ШҚО-да банктен несие алып шыққан тұрғынды тонаған күдікті ұсталды. Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«Зейнет жасындағы қала тұрғыны екінші деңгейлі банк бөлімшесіне барып, несие алған. Мұны байқап тұрған 33 жастағы азамат банктен шыға сала, зейнеткердің соңына түскен. Күдікті үйдің қоршауынан секіріп түсіп, аулаға заңсыз кірген. Осыдан кейін зейнеткерге зорлық-зомбылық көрсетіп, 65 000 теңгесін ұрлап, қылмыс жасалған жерден бой тасалаған», - деп жазылған ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр.
Көп оқылған
29.03.2026, 17:48
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
29.03.2026, 16:53
Жетісу облысында қараусыз қалған екі жасар бала жол жиегінен табылды
29.03.2026, 17:26
Көкшетауда пәтерде қамалып қалған ер адам құтқарылды
29.03.2026, 16:13
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі
29.03.2026, 18:31
Қостанай қаласының орталығы күмәнді сөмке үшін қоршауға алынды
29.03.2026, 10:01
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны қаупіне байланысты жолдар жабылды