Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге бір бас бұқа мен бір бас сиыр ұрлағанын да мойындады

Жамбыл облысында бірнеше мал ұрлығына қатысты күдіктіні қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазан айында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен екі бас жылқы малының ұрланғаны туралы арыз келіп түскен.

Аталған дерек бойынша облыстық криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде, іске қатысты 1993 жылы туған Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталған. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған.  

«Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге іздеуде жүрген бір бас бұқа мен бір бас сиырды ұрлағанын да мойындады. Жалпы шығын 700 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру кезінде оның сыбайласы да ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық және 3-бөлімі – бірнеше рет жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген ведомство хабарламасында.