Өткен тәулікте Қызылорда облысында 19 той өтті
Той иелеріне 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Қызылорда облысында 5 шілдеде карантин режимі күшейтілген уақыттан бастап 3226 нысан тексерілген. Соның нәтижесінде, карантин талаптарын бұзған 804 жағдай анықталған. Осыған байланысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 37,4 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған.
Карантин талаптарын бұзу фактісі көбіне үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты болған. Одан бөлек, қоғамдық тамақтану орындарында және азық-түлік сауда орындарында анықталған.
Өткен тәулікте облыс бойынша карантин талаптарын бұзған 19 жағдай тіркелді. Оның ішінде 2 дерек мейрамханаларға, 17 дерек жеке тұрғын үйде той жасаған жеке тұлғаларға қатысты анықталды. Соның нәтижесінде, 19 жеке тұлғаға 791 730 теңге әкімшілік айыппұл салынды.