Венадағы террорлық шабуыл: Ресейден келген иммигранттар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар Бангладеш, Македония, Түркия азаматтары тергеуге алынды

Фото: ашық дереккөзден

Аустрияның Ішкі істер министрі Венадағы террорлық шабуыл туралы іс бойынша Ресейден келген иммигранттардың ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Diepresse-ге сілтеме жасай отырып.

«14 адам ұсталды, олардың жасы 18-ден 28-ге дейінгі аралықта. Венадағы террористік шабуылды тергеу әлі де жалғасуда»,- деді Ішкі істер министрі Карл Нехаммер.

«Олардың кейбірі Аустрия азаматтары емес. Ұсталғандардың террористік ұйымға қатысы бар болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Вена полициясының басшысы Герхард Пурстл олардың кейбіреулерінде қос азаматтық бар деп қосты. Ол Бангладеш, Македония, Түркия және Ресей туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Вена орталығында атыс шабуылдары болды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл нысандарының бірі – синагога шіркеуі. Аустрия канцлері Себастьян Курц бұл оқиғаны «террорлық шабуыл» деп мәлімдеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Оқи отырыңыз: Венадағы жантүршігерлік терактіні еш ақтап алуға болмайды – Тоқаев

Тегтер: