36 жастағы күдікті тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Жамбылдық полицейлермен «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген екі күннің ішінде 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазаннан бастап Жамбыл облысында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықбұзушылықтарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу мақсатында «Hi -tech» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Желіде жасалатын негізгі қылмыстар – смартфонның қосымшасы арқылы несие беру, қаскүнемнің картасына алдын ала төлем жіберу арқылы жоқ тауарларды сату, танымал интернет қосымшасын жарнамалау, қайырымдылық атынан материалдық көмек көрсету туралы өтініштер.
«Мәселен, полицияға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің төрт директоры сенім білдірген кәсіпкерлердің қайырымдылық мақсаттарға бөлген 4 миллионнан астам теңгесін иемденген «Ұрпақ» қоғамдық қорының өкілін жауапқа тартуды сұрады», – делінген хабарламада.
36 жастағы күдікті тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.