$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 03:47
Оқиғалар

Қарағанды облысында бір үй бір жылда 6 рет өртенген

Өрттің шығуына үй тұрғындары кінәлі ме, әлде біреулер қасақана ұйымдастыра ма, ол жағы белгісіз

 

Қарағанды облысында бір үй бір жылда 6 рет өртенген

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында орналасқан №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері биыл бір мекенжай бойынша 6 рет өрт сөндіруге шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Долинка кентіндегі Транспортная көшесі, 98 мекенжайындағы алғашқы өрт 8 наурыз күні кешке болған. Жану көмір алаңында 10 шаршы метр және 3 тонна көмірде орын алды.

Екінші рет өрт туралы хабарлама 18 сәуірде сағат 23:58-де келіп түсті. Өрт тұрғын үйге жапсарлас орналасқан аумағы 4 шаршы метр сарайда орын алды.

Үшінші рет өрт сөндірушілер 2 мамырда осы мекенжайға тағы шықты. Бұл жолы тұрғын үйге іргелес шаруашылық құрылысы жанды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді.

Бұл мекенжайға төртінші қоңырау 31 қазан күні сағат 09:37-де келіп түсті. Жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының ағаш торлары жанған.

Бесінші қоңырау сол күні кешке түсті. Келу кезінде жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын шатырдың, жиһаздың, үй заттарының, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары жанып, содан кейін төбесі құлаған.

Бұл мекенжайдағы алтыншы өрт кеше, 3 қарашада болды. Тұрғын үй аумағында 50 шаршы метр алаңда жазғы ас үйдің шатырының ағаш конструкциялары жанған.

«Өрттен зардап шеккендер жоқ. Үйде отбасы тұрады. Өрт туралы хабарламалар әрдайым қырағы көршілерден келеді.

Барлық жағдайларда өрттің шығу себептері – өртеу және отты абайсыз пайдалану болды. Үй тұрғындары кінәлі ме, әлде біреу өрт ұйымдастыра ма, оны енді полиция анықтайды. Өрт бойынша іс материалдары жергілікті полиция бөліміне тапсырылды», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары