Қару асынып, видеоға түскен жігіттің кім екені анықталды
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы қала тұрғынын анықтады
Елорда полициясы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде видеосы тарап кеткен «бақайшығына дейін қаруланған» жігіттің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желілерде 14 қарашада тараған аталмыш видеоға қатысты Полиция департаменті жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы қала тұрғынын анықтады», – деді қалалық полиция департаменті өкілі.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, видеодағы жігіт іздестіріліп жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін «Астана-сергек» Instagram парақшасында жас жігіттің қару ұстап, «Астана біздікі» деген видеосы тараған болатын. Видеода жас жігіт бірнеше қаруды ұстап, былапыт сөздер айтқан еді.