Петропавлда жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізушінің көлігін не себепті тастап кетіп қалғаны әзірге белгісіз

Петропавлда Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында құбыр жөндеу мақсатында қазылған шұңқырға жеңіл автокөлік түсіп кетті. Жүргізуші темір тұлпарын оқиға орнында қалдырып, өзі кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинақталуда. Мамандар көліктің шұңқырға түсіп кетуінің себебі анықталып жатқанын жеткізді. Жүргізушінің де көлігін не себепті тастап кетіп қалғаны әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Тегтер: