$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2020, 05:28
Оқиғалар

Павлодар облысында үйінді басып қалған ауыл тұрғыны құтқарылды

Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа деп бағалады

Павлодар облысында үйінді басып қалған ауыл тұрғыны құтқарылды

Құтқарушылар  Шарбақты ауылының 59 жастағы тұрғынын топырақ үйіндісінің астынан алып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Шарбақты ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі жекеменшік үй аумағында жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ опырылып кеткен. Соның салдарынан 1961 жылы туған ер адамды шұңқырда топырақ басып қалған. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері ауыл тұрғынын алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам бас миының шайқалуы, кеуде қуысының соғылуы, омыртқаның мойын бөлігі, сондай-ақ тоңып қалу диагнозымен аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды.

«Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, рентген жасалды: патология анықталмады. Ер адамды хирург тексерді. Науқас стационарда емделмейтіні туралы қолхат жазды. Қазір амбулаторлық емделуде», - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Іс аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары