Жамбыл облысында құны 1 млн теңгеден асатын жылқылар ұрланды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері 40 және 53 жастағы екі ер адамды ұстады

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл обылысы Т.Рысқұлов ауданының тау етегіндегі жайылымынан үш жылқы ұрланған, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазан күні полицияға Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылының 32 жастағы тұрғыны үш жылқысының ұрлағаны туралы шағымданған.

Келтірілген шығын көлемі миллион теңгеден асады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі (мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 40 және 53 жастағы екі ер адамды ұстады. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жылқылар иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.