ШұғылЕлімізде тағы 813 адамнан коронавирус анықталды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

Қазір екі елдің ресми өкілдері өзара келіссөз жүргізіп жатыр

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскері баспасөз орталығының хабарлауынша, 25 қазанда Тәжікстанның Исфарин ауданындағы Ходжаи Аъло өлкесінің тұрғындары ауыл ішінде ескі су құбырларын алмастыру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол аралықта елдімекенге қару ұстанған 25-30 шақты қырғыз шекарашылары кіріп келіп, жергілікті тұрғындарға жұмысты тоқтатуды бұйырған. Артынша тіпті, оқ жаудырған.

«Ходжай Аъло ауылының тұрғындары атыстан зардап шеккен жоқ. Қақтығыс болған жердегі жұмыстар уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады баспасөз орталығы.

24.kg хабарлауынша, қақтығыс Баткен ауданының Уч-Добо ауылының уақыты бойынша сағат 16:45-те болған. Аталған аймақта Тәжікстан азаматтары су құбырын салу жұмыстарымен айналысып жатқан.

«Оқиға орнына келген қырғыз шекарашылары мемлекеттік шекараға жатпайтын учаскедегі құрылыс жұмысын тоқтатуды талап еткен. Алайда Тәжікстан азаматтары қарсылық білдіріп, тіпті, дау шығарған. Әскери қызметкерлердің денсаулықтары мен өмірлерін сақтау және жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында Қырғызстан шекарашылары әуеге оқ атуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта жұмыстар тоқтатылды» - дейді Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта екі елдің ресми өкілдері өзара келіссөздер жүргізу үстінде. Оған жергілікті билік органдары мен құқық қорғау қызметінің мамандары қатысып жатыр.