Қарағанды облысында әйелдің өртенген мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген жігіт ұсталды. Тергеу жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртелмеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол әйелдің танысы болып шықты.  

«21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен ұрсысып қалғасын оған жарақат салған. Артынан мәйіттен құтылмақшы болған. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген», - дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті қай көлікпен тасымалдағаны анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр.