Ұсталғандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жамбыл облысының екі азаматынан салмағы 116 келіден асатын кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарасора – 2020» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде олар жасырынбақ болған. Жолда скотчпен оралған жеті көк қап табылды. Сараптама қорытындысы оның кептірілген марихуана бар екенін растады. Енді ұсталғандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Ұсталған екі азамат жүргізушісі мен жолаушысы Қордай ауданының УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының м.а. Ержан Бейсембаев.