18.10.2020, 21:04
Оқиғалар
Ресейде анасы екі қызын балконнан лақтырып жіберген
Ол 5 және 8 жастағы қыздарын өлтіргісі келген
Фото: ашық дереккөзден
Саратов қаласының тұрғыны төртінші қабаттағы пәтердің балконынан екі қызын лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Әйел 5 және 8 жастағы қыздарын өлтіргісі келіп, төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Балалар ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Әйел балаларды лақтырып жібергеннен кейін өзін пышақтап, терезеден секірмек болған. Белгілі болғандай, 39 жастағы әйел күйеуімен ажырасып, күйзеліске қарсы дәрілер ішіп жүрген. Сонымен қатар олардың мүлікті бөлу бойынша проблемалары болған.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады