Ол ауласынан шығып, адасып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысында 6 жасар бала үйінен шығып, адасып кеткен. Оны полицейлер республикалық автожолда тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Петропавл – Нұр-Сұлтан» автожолының бойында кетіп бара жатқан баланы көріп қалады. Полицейлер тоқтап, оны сөзге тартып, Бәйтерек ауылының тұрғыны екенін анықтаған. Үй ауласынан шығып, адасқан бала жол бойымен жүре-жүре 10 шақырымдай өтіпті. Тәртіп сақшылары баланы Бескөл ауылындағы әжесінің үйіне жеткізді. Ал ата-анасы оны өздері іздеп, әлі полицияға хабарлап үлгермеген», - деп жазылған ақпаратта.