Өңірде жауапсыз ата-аналарға қатысты 11 мыңнан астам іс бар
Ақтөбеде алимент төлеуден бас тартқан тұрғындар көлігінен айырылды. Сот шешімімен олардың жылжымалы мүлкі сатылымға шығарылып, түскен қаражат есебінен балалары алдындағы борышы өтелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірлік сот актілерін орындаушылардың қолында қазір осындай жауапсыз ата-аналарға қатысты 11 мыңнан астам іс бар.
Сот актілерін орындаушылардың айтуынша, жыл басынан 86 борышкер 3 күнен 5 тәулікке дейін бостандығынан айырылған. Сот органдары баласына алимент төлеуден бас тартқан 6 азаматқа қатысты істі тергеген. Нәтижесінде 2 айыптыға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылса, екі азаматтың мүлкі сатылымға шығарылып, түскен қаражаттан борышы өтелген. Ол үшін сот орындаушылары жергілікті полиция департаментімен бірлескен рейдтік шараларын да өткізеді.