Дәрігерлер оны құтқарып қалды
Атырауда дәрігерлер отбасындағы кикілжіңге байланысты көп дәрі ішіп, уланған жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дәріден уланған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Пациенттің денсаулығы үшін дәрігерлер 12 сағат арпалысты. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылды. Қазір денсаулығы қалпына келген жасөспірім үйіне шығарылды», - деп жазылған хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім қыздың көп мөлшерде дәрі ішіп, улануына отбасындағы кикілжің себеп болған.