$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 10:21
Оқиғалар

СҚО-да аққуды өлтіру фактісі тіркелді

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

СҚО-да аққуды өлтіру фактісі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында шетелдік көліктің жүксалғышынан аққу табылды. Браконерьлердің құсты қалай қолға түсіргені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жайлы полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы хабарлаған. Мамлют ауданының Леденево селосының маңында табиғатты қорғаушының назарына жасырынбақ болған «БМВ» автокөлігі ілігеді. Күдік расталып, көліктің жүксалғышынан басы кесілген аққу табылды.

«Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құстың денесін тәркіледі. Көлік жүргізушісі мен жолаушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеп-тексеру басталды», - дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы аққуды өлтіру фактісі бұған дейін анықталған. Наурыз айында Петропавлда «Ромашка» саяжай қоғамына жақын маңда екі сұңқылдақ аққудың денесі табылған. Айта кетеніні, суда жүзетін бұл құсты аулауға тыйым салынған.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #қылмыс