Теміртауда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 11 күннен кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оның не себепті үйінен кетіп қалғанын анықтап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Теміртауда полиция қызметкерлері үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызды тауып алды. Анасы баласын 11 күн бойы таба алмай жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«35 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгініп, 16 жастағы қызын тауып беруді сұраған. Баласы осы жылдың 28 қыркүйегінде үйінен шығып кетіп, қайтпаған. Анасы баласын өзі іздеп таба алмаған. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің бұдан бұрын да үйінен қашып кетіп жүргенін анықтады», - деп жазылған хабарламада.

9 қазанда полицияның Шығыс бөлімінің құқық қорғаушылары волонтерлермен бірге қыз баланы Теміртау қаласының көшелерінің бірінен тауып алды. Полиция қызметкерлері қазір оның не себепті үйінен кетіп қалғанын анықтап жатыр.