11.10.2020, 01:46
Оқиғалар
Францияда екі ұшақ соқтығысып, 5 адам көз жұмды
Апат себебі анықталып жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Францияның орталығында жолаушылар ұшағы мен жеңіл әуе кемесі соқтығысып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Nouvelle Republique газетіне сілтеме жасап.
Апат сенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 21.00-де) болды. Жеңіл әуе кемесінде болған екі адам мен туристік ұшақта болған үш адам қаза тапты.
«Апат себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 40 өрт сөндіруші мен 20 жандарм бар. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алған», - деп жазады басылым.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды