$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 15:18
Оқиғалар

Қазақстандық әйел Анталияда үш айлық баласын көшеге тастап кеткен – БАҚ

Полиция баланың аты-жөнін анықтап, оны әкесіне табыстады

Қазақстандық әйел Анталияда үш айлық баласын көшеге тастап кеткен – БАҚ
Фото: akdenizgercek.com.tr

Қазақстандық әйел Түркияның Анталия қаласындағы үй ауласына үш айлық баласын қалдырып кеткен. Бұл туралы Akdenizgercek басылымы хабарлайды.

Бесік арбада жатқан баланы (сәбидің аты-жөні - B.E.A) Сельма Мейдан есімді жергілікті тұрғын тауып алған. Әйел дереу шұғыл көмек қызметіне хабарласып, бала білім беру және зерттеу ауруханасына жеткізілген.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері баланың есімін анықтап (жынысы - ұл), оның әкесін іздеп тапқан. Осылайша, бала әкесіне - 33 жастағы Түркия азаматына берілді. Ер адам әйелінің не үшін мұндай қадамға барғанын білмейтінін айтып, әйелінің үстінен арыз жазып, прокуратураға шағымданды. Ол баласының дәл осындай жағдайға тап болғанын білмеген, нәресте анасымен бірге деп ойлаған.

Басылымның хабарлауынша, баланың анасы – 31 жастағы Қазақстан азаматы екен.

Серіктес жаңалықтары