$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 11:32
Оқиғалар

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды 

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полиция қызметкерлері бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Қыркүйек айының басында Мақтарал ауданында дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін келіншек жоғалып кеткен. 

«Үш аптадан кейін полиция жергілікті жыралардың бірінен белгісіз әйелдің мәйіті мен киімін тапты. Жабайы жануарлар жұлмалап тастаған мәйітті және өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Полиция мәйіттің бүлінбеген бөлігін тауып, айғақтарды сараптамаға жібере алды. Сараптама қорытындысы және туыстарының киімді тануы бойынша тергеушілер мәйіт хабар-ошарсыз кеткен келіншекке тиесілі деген қорытындыға келді», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция кісі өлтіруге күдіктілердің кім екенін анықтады. Олар бұрын төлем терминалдарынан бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін ұсталған екі жергілікті тұрғын болып шықты. Жастар өздерінің істеген істерін толығымен мойындады.

Тергеу барысында күдіктілердің ауыр қылмысты тонау мақсатында жасағаны анықталды. Олар жас келіншекке шабуыл жасап, оны буындырып өлтірген, содан кейін оны пышақтап тастаған. Олар оның 300 мың теңгесін алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Айғақты зат ретінде жәбірленушінің заттары, ұрланған мүліктің бір бөлігі және күдіктілердің автокөлігі алынды. Сот шешімімен күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары