Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 3 094 адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте төрт адам коронавирустан және бір адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта 3 094 адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр, оның 70-і балалар. Ауруханаларда 1 898 науқас, амбулаториялық деңгейде 1 196 науқас емделуде.

«87 адамның жағдайы ауыр, 13-інің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.