08.10.2020, 13:27
Оқиғалар
Нигерия азаматының жұбайын алдаған елордалық тұрғын ұсталды
Күдікті Kaspi қосымшасы арқылы алаяқтық жасаған
Көрнекі фото
Елордада Нигерия азаматының әйелі алаяқтың құрбаны болды. 31 жастағы азамат оның сеніміне кіріп, шетелдік азаматтың әйелі мен оның әпкесінің 1,5 млн теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Kaspi қосымшасы арқылы ақша алған күдікті артынан телефонын сөндіріп, байланысты үзген.
Осы жағдайға байланысты мегаполис полициясы жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оған қатысты тергеу басталып, бұрын-соңды осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы