$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2020, 10:08
Оқиғалар

Сарыағашта отбасылы әйелмен көңілдес болған жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Келіншектің күйеуі мен бауыры сотталып жатыр

Сарыағашта отбасылы әйелмен көңілдес болған жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Сарыағаштық кәсіпкер 27 жастағы Әуезхан Баймырзаевтың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Марқұм отбасылы әйелмен көңілдес болғаны үшін биыл жазда өлтірілген.

Қазір осы қылмыстық іске байланысты сот процесі басталған. Айыпты ретінде келіншектің күйеуі мен бауыры сотталып жатыр. Алайда, олардың үстінен адам өлтіру емес, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Марқұмның туыстары қылмыстық істің бабын «Адам өлтіруге» алмастыруын талап етуде.

Ә. Баймырзаевтың ағасының сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір сотталушылардың саны екеу емес, алтау болуы керек еді дейді.

«Біз істің дұрыс жүргізілмегенін дәлелдейтін фактілерді ұсындық. Біздің ойымызша, полиция мен прокуратура қылмыстық істі жылы жауып тастағысы келеді. Қолымызда дәлел мен куәгерлердің айтқан сөздері бар: марқұмды өлтіру мақсатында аяусыз ұрып-соққан, олар екеуі ғана емес, бірнеше адам болған», - деді заңгер.

Журналистерді сот процесіне кіргізген жоқ. Бірақ, судья істі кері қайтарды. Енді тергеу басынан жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары