Аталған факті оқыс оқиға ретінде тіркелген
Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Қайғылы жағдай Текелі қаласындағы №4 мектепте болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2-сынып оқушысы бірінші сабақ біткеннен кейін үзілісте көз жұмған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Аталған факті оқыс оқиға ретінде тіркелген.
Бала 15 минуттың ішінде көз жұмған. Бірақ денесінде ешқандай жарақат белгілері болмапты. 8 жастағы оқушы нақты баспалдақтан құлады ма, әлде қазасына басқа да себеп болды ма, ол жағы белгісіз. Жағдайдың қалай болғанын ешкім көрмеген. Мұғалімдер шыққан кезде, бала құлап жатқан