Ұсталғандардың бірі бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған
Алматыда тағы да «алқа тонаушылар» ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын бірнеше рет сотты болған 1986 жылы туған А. және 1976 жылы туған Т. есімді азаматтар алдын ала келісім бойынша азаматтарды тонау мақсатында Мақатаев пен Зенков көшелерінің қиылысындағы базарға келіп, жаяу жүргіншілер арасынан алтын алқасы бар әйелдерді іздейді.
«Алғашқы құрбандықтары кездескен сәтте олар әйелдің мойнындағы алқасын күшпен тартып, жұлып алады да, оқиға орнынан бой тасаламақшы болады. Алайда, қырағы полицейлер олардың алысқа ұзауына жол берген жоқ», - делінген хабарламада.
Ұсталғандардың бірі бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, есірткі құралдарын қолданатын болғандықтан, есірткі дозасы үшін жаңа қылмысқа барған.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тергеу амалдары өткізілуде.