Алматыда Кірістер департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзін Экономикалық тергеу департаментінде жұмыс істеймін деп таныстырған

Алматы қаласының тұрғыны жергілікті кәсіпкерлердің бірін қорқыту арқылы одан 30 миллион теңге бопсалаған. Ол өзін Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерімін деп таныстырған. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ақшаны алу үстінде ұсталды. Анықталғандай, ол бұған дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген екен. 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып, жұмыстан қуылған.

Қазіргі таңда ұсталған күдікті тергеліп жатыр. Оның үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.