$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 09:48
Оқиғалар

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде 75 адам ауруханаға жеткізілген

Бір адам қаза тапты

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде 75 адам ауруханаға жеткізілген

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде 75 адам ауруханаға жеткізілген. Бішкектің травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы мен Ұлттық госпиталіне қаладағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен 75 адам жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер арасында құқық қорғау органдарының 46 өкілі бар.

Соңғы мәліметтер бойынша, көтеріліс кезінде бір адам қаза тапқан. 

4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.

Ал 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды. Кейін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан барлық 16 партия басшысымен кездесетінін мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары