Көтеріліске шыққандар Ақ үйді өртеп жіберді
Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болып жатқан көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, түнде Ұлттық госпитальге митингке шыққандардың бірі жеткізілген. Алайда алған дене жарақаттары салдарынан ер адам қайтыс болды.
Қазіргі таңда елдегі ауруханалардың жансақтау бөлімінде 13 адам ауыр халде жатыр. Олардың бәрі Ала-Тоо алаңында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдар.