Жанжалдың қалай аяқталғаны белгісіз
Ақтау орталығында болған қыз бен жігіттің төбелесі өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірінің бейнекамерасына түсіп қалған, деп жазады Lada.kz сайты.
Оқиға 16, 17, 18 және 19-шы шағынаудандарының арасындағы көшелер қиылысында болған.
«Кадрда ашулы бойжеткен әлдебір жігітке жұдырық ала жүгіреді. Сол қолымен бірнеше жұдырық жұмсап үлгерген қыз баланы жанындағылар шетке алып кетеді. Алайда сол сәтте жігіт қолын сермеп қалғанда, қыздың бетіне тиеді. Оған одан ары ашуланған бойжеткен тағы тұра ұмтылады.
Жігіт әйел адаммен төбелеспеуге тырысып, күртесімен бетін көлегейлейді. Құрбыларының қызды тыныштандырғысы келген әрекетіне қарамастан, ол ер адамның соңынан тұра қуып, қайта-қайта тап беріп, жұдырық сілтеуін жалғастырады», - деп жазады басылым.
Жанжалдың қалай аяқталғаны белгісіз, видеоның авторы оқиға орнынан кетіп қалған.
Кейінірек полиция өкілдері 102 нөміріне ешкімнің ондай шағыммен хабарласпағанын және жедел жәрдем көмегіне ешкімнің жүгінбегенін мәлімдеді.