Нұр-Сұлтанда суретке түсу үшін көпірдің аркасына шыққан азаматтар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер екі азаматтың да мас күйде болғанын анықтады

 

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін түнде cағат 00:28-де полицияға екі мас адамның Қабанбай батыр даңғылының «Рамстор» дүкені жағындағы көпірдің аркасына шығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, мас күйіндегі 33 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады.

Кейіннен белгілі болғандай, олар ерекше сурет түсірмек болған. Осы әрекеттері үшін екі азамат та полицияға жеткізілді. Ұсталғандардың екеуі де ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жігіттердің бұл әрекетін қала тұрғындары байқаған.