9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады
Оралда автокөлікпен бірге үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«102 телефонына қоңырау шалған әйел ішінде үш бала болған автокөліктің Шаған өзеніне батып кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына сол маңда жүрген 3 полицей дереу жетіп, балаларды құтқармақ болып суға секірген. Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.