03.10.2020, 23:37
Оқиғалар
Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылып, 4 адам зардап шекті
Жедел жәрдем «Audi» маркалы автокөлікпен соқтығысты
Фото: ашық дереккөзден
Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы Қан орталығы ғимаратының маңында болды. Жедел жәрдем «Audi» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілсе, қалғандары облыстық ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
