$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2020, 17:28
Оқиғалар

Бозайғыр ауылынан Нұр-Сұлтанға жолға шыққан жігіт жоғалып кетті

Ол бір аптадан бері табылмай жатыр

Бозайғыр ауылынан Нұр-Сұлтанға жолға шыққан жігіт жоғалып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Еріктілер Бозайғыр ауылы тумасының жоғалып кеткені туралы хабарландыруды елорданың барлық ауданында таратып жүр.

Із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт – 24 жастағы Файхуллин Владислав. Ол 25 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Бозайғыр ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына шығып кеткен екен. Содан бері оны көрген-білген адам жоқ. 

«Владислав Файхуллиннің ерекше белгілері: бойы 179 сантиметр, жасыл-қоңыр көзді, сарғылт шашты, денесінде көп қалы және соқырішектен қалған тыртық ізі бар, асқазаны ауырады», - делінген хабарламада.

Владислав қара түсті спорттық костюм мен қара түсті ұзынша күрте киген. 

Жоғалған жігітті көрген немесе оның қайда екені туралы қандай бір ақпарат білген жандар болса, +7 705 550 84 25, немесе +7 701 492 62 49, немесе «102» нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары