Өткен тәулікте тағы екі адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 234 адамның коронавирустық пневмониямен ауырғаны анықталды. 95 адам жазылып шықса, 2 адам індеттен көз жұмды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Осы жылдың 1 тамызынан бастап елімізде 33 212 адам пневмониямен ауырған. 357 адам қайтыс болып, 27 337 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 279 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 745 науқас жатыр. 1 534 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 97 адамның халі нашар. Соның ішінде 11 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.