$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 01:24
Оқиғалар

Шымкентте үш баланың улануына себепкер болған маман бес жылға сотталды

Ол жәндіктерді уламақ болған

Шымкентте үш баланың улануына себепкер болған маман бес жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте жәндіктердің көзін жоямын деп үш баланың улануына себепкер болған маман 5 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтемек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық сотының судьясы оның бұл қылмысты абайсызда жасағанын және кәмелет жасына толмаған балаларын ескерген. Дегенмен, сотталушы екі ұлынан айрылған отбасыға 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.   

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған құжаттардың, дәлелдердің жиынтығымен кінәсі толығымен дәлелін тауып отыр. Нәтижесінде үш жасөспірім баланың қаза болғанын, кінәсін мойындамағанын, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр», - деді Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанұлы. 

Еске салайық, былтыр қарашада Тасболатовтар отбасы 4 жастағы және 10 айлық қос ұлынан айрылып қалды. Ал ақпан айында екінші отбасының 8 айлық қызы уланып, қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары